Шымкент
Жігіттер мерекелік концерті
Жігіттер мерекелік концерті

Өнердегі ұстаздары Әбдіхан Нұрмағанбетовтың жетекшілігімен республикалық Арай-2003 байқауына қатысып, бас жүлдеге ие болды. Ел жүрегінен кең орын алған «Ерке қыз» әніне бейнебаян түсіріліп, оңтүстіктің шымыр жігіттері өнер ордасы - Алматы қаласына келді. Продюсері - Ерғали Әбдірайымовтың көмегімен үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, өз өнерлерін Алматы қаласында әлі күнге дейін жалғастырып келуде.

Топ құрамы: Айдар Байжанов, Бағлан Әбдірайымов, Ердос Қанаев және Мырзахан Маханов. Бүгінде топ қоржынында бес үнтаспа, 30-ға жуық бейнебаян, 120-ға жуық әндер бар. Дәл қазіргі таңда жаңа екі бірдей әнжинақ пен бір бейнебаянның тұсауы кесілгелі тұр.

«ЖІГІТТЕР» квартеті өздерінің бір сұхбатында: Біз, негізі, балалықпен қосылған топпыз, бізді есейткен – сахна деді.

Қазіргі уақытта Жігіттер тобы өнерде жүргеніне 20-жыл толуына орай үлкен концертке қызу дайындық үстінде. Концертте ескі хит әндермен бірге тұсауы жаңадан кесілетін әндердің куәсі боласыздар.

Қашан: 10 наурыз, 19:00
Жас шектеуі: 4+
Өтетін орны: Н. Назарбаев 10/2 данғылы (Түркістан сарайы)

Фото Давай Сходим
Дата публикации: 15.02.2023
Я пойду!
Отметьтесь и расскажите об этом событии друзьям,
чтобы они смогли к вам присоединиться!
Место на карте
Казахстан, Шымкент, проспект Нурсултана Назарбаева, 10/2

Комментарии (0)

Концерты

Введите номер телефона
Ваш номер используется исключительно для того, чтобы наши партнеры смогли связаться с вами и не передается третьим лицам
Введите код из смс
Введите имя и фамилию

Выберите город

Возврат

ID Билета: