«Unknownkazak Talks» - белсенді және шығармашылық қала тұрғындары үшін жаңа алаң. Talks-тің басты мақсаты-қазіргі қазақ зиялыларын қалыптастыру және қазақ тілді контентті танымал ету.
Talks-тe кино және бизнес сияқты түрлі саладағы спикерлер сөз сөйлейді. Олар өздерінің ерекше өмірлік және кәсіби тәжірибелерімен бөліседі.
Спикерлер:
- Алия Оспанова - халықаралық эксперт, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының басқарма төрайымы. Сонымен қатар, Алия корпоративтік тәжірибесі бар IT маман, халықаралық деңгейдегі спикер, модератор және коуч
Тақырыбы: «Қазақ жастарының халықаралық потенциалы»
- Жомарт Аралбайұлы - медиаменеджер және dope soz подкастының авторы. Қазіргі таңда деректі фильмдер продюсері, оның ішінде әлеуметтік мәселелер тақырыбындағы фильмдер.
Тақырыбы: Медиасауаттылық және желідегі жауапкершілік
- Елдос Тоқтарбай — жазушы, алаштанушы-ғалым. Алаш алыптарының тарихын, тың деректерін зерттеп, олардың еңбектерін жинақтап жүрген алаштанушы. Алаш бағытындағы Qyr Balasy білім, ғылым қорының негізін салушы.
Тақырып: «Алаш элитасы: тұлғалық даму, көшбасшылық, зияткерлік»
- Нұрбек Бекбау - журналист, блогер. Нұрбек Бекбау еліміздің танымал журналистерінің қатарында. Пандемия уақытында Еңбек министрінің кеңесшісі қызметін атқарды. Қазіргі таңда Қазақстан Ұлттық телеарнасының шеф редакторы қызметінде.
Тақырып: «Қазақты қайтсек саяхатшы ұлтқа айналдырамыз?»
- Арай Әлімхан - инфлюенсер, кәсіпкер. Арай Әлімхан - өзінің инста парақшасында отбасы, саяхат және қарым-қатынас тақырыптарында қызықты әңгімелермен бөліседі. Бүгінде өзіндік аудиториясы бар белгілі блогерлердің қатарында.
Тақырып: «Отбасыдағы қарым-қатынастың адам өміріне әсері қаншалықты маңызды?»
Кіру тегін.
Комментарии (0)