Астана
«Дүние - Ғапыл» спектаклі
«Дүние - Ғапыл» спектаклі

Жас көрерменнің музыкалық театрының сахнасында «Дүние-Ғапыл» спектаклі өтеді.

«Дүние-Ғапыл» қойылымы – барша адамзатқа ортақ тақырыпты сөз ететін, адам өмірінің қаншалықты маңыздылығын алға тартатын туынды. Өмірдің түрлі-түсті, қызылды-жасылды қызығы да, әбігерге түсіп сенделіп, сандалып өткен күйбең тіршілік те бұл тақырыптың қасында түк емес. Әр қилы жағдайларда қабылданған сан түрлі шешімдер, өмірдегі кейбір амалдар мен іс-әрекеттер бәлкім, біздің көз алдымыздан осындай сәтте зырғып өте шығуы әбден мүмкін. Қандай сәт десеңіз... Иә, жанайқайдан кейінгі немесе қияметке дейінгі уақытта. Мүмкін, бұл екі дүниенің ортасындағы ұзақтығына адамзат ақылы бойлай алмайтын қандай да бір уақыт аралығындағы адам жанының жағдайы, рухының хәлі шығар...

«Дүние-Ғапыл» метафизикалық драмасының көрерменге айтары көп, берері мол екені сөзсіз. Себебі, уақыттың қадірі, адамдық пен адалдықтың жолы, әр әрекеттің жауабы, әр амалдың сауабы сынды адамның ішкі дүниесіндегі маңызды мәдени, рухани құндылықтарға ден қоюға, оларды жүгендеп, игеруге итермелейді. Өмірге деген түзу көзқарас, жақын жандарға деген құрмет пен жанашырлық, өзіңе деген сенім, қоғамға деген жауапкершілік өзгеше тақырыппен үндескен ерекше жанрдағы «Дүние-Ғапыл» метафизикалық қойылымын тамашалаған кез-келген көрерменнің  ішкі әлемінде сәуле ойнатып, жалын ататынына сеніміміз мол.

Жанр: метафизикалық драма

Ұзақтығы: 1 сағат 20 мин.

Жас шектеуі: 12+

Дата публикации: 19.06.2023
Я пойду!
Отметьтесь и расскажите об этом событии друзьям,
чтобы они смогли к вам присоединиться!
Место на карте
Астана, улица Ж. Омарова, 47Б

Комментарии (0)

Театр

Введите номер телефона
Ваш номер используется исключительно для того, чтобы наши партнеры смогли связаться с вами и не передается третьим лицам
Введите код из смс
Введите имя и фамилию

Выберите город

Возврат

ID Билета: