Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық драма театрының сахнасында "бір кім дуние"спектаклі өтеді.
Тіршілік иелерінің ең саналысы да, ең қатыгезі де адамзат баласы. Қарыштап дамыған өркениет табиғат анаға қаншалықты қауіп төндіруде? Қойылым барысында табиғи тепе-теңдікті саналы түрде бұзушы адамдар мен тіршілік үшін арпалысқан жануарлардың өзара ұқсастығын әрі айырмашылығын тамашалай аласыз. Өзіңізді табиғаттың қожасы емес, тек жаратылыстың бір бөлшегі ғана екеніңізді түсінесіз.
Ұзақтығы: 70 минут
Жас санаты: 12+
Комментарии (0)