Спектакль идет на казахском языке.
Бұл қойылым уақыт талабына арнайы жазылған шығарма.
Сондай-ақ жастардың шаңырақ көтеріп, өз алдына үй болып отбасын құра алмауы комедия жанрында айқын суреттеледі. Бүгінде әр отбасындағы ұл-қыздардың бас қосып үй бола алмауы, бүгінгі қоғамның да ең бір ауыр кеселі екені де шындық.
Бұл комедияда үйленбеген 2 баласынан қажыған Шәйми ақсақал мен Әйшәй анамыздың жеке отбасы айтылады. Қойылым соңында 2 ұлына 2 келін тапқан қызықты оқиғалар желісі күлкі би-әнмен көрсетілуі, театр өнерінің басты табысы боп табылады.
Актерлар:
Шәйми шал - Айарыс Даукараев.
Әйшәй кемпір - Алия Мауылымхан.
Торсанбай үлкен ұлы - Өркен Ахмет.
Қорсанбай кіші ұлы – Жалгас Лесбаев.
Жымиған үлкен келін - Сағыныш Ақасова.
Кәкіш кіші келін - Лаула Ақарал.
Пәшен көршісі - Нұрболат Рахатов.
Мәми кемпірі - Айгерим Нұрахметова.
Перуаш қызы - Таншолпан Кинжембетова.
Комментарии (0)