Актау
«Қорғансыздың күні» спектаклі
«Қорғансыздың күні» спектаклі

Қорғансыздың күні

Бұл қойылым кішкентай адам тағдыры, оның ішкі жалғыздығы мен трагедиясы туралы. Мұнда жетімдік тақырыбы бар қасіретімен ашылып көрсетіледі.

Жетім балаға рақымсыздық жасаған тас бауыр жауыз адамдардың пасық әрекеттерін, азап шеккен қарапайым, дәрменсіз жанның панасыз, аянышты халін, қыршыннан қиылған бейкүнә, таза жүректі жас қыз бен баланың қайғылы өлімге ұшырағанын көресіз.Азған озбырлықты бақыт, жан рахаты деп түсінген тас жүрек адамдардың жауыздығы алдында ары тапталып, шарасыз болса да жанын пәк қалпында сақтаған Ғазиза, Қасым, Көркемнің өмірге дәрменсіздігін, қарсы тұрар қауқары жоқ бейшаралығын көріп, жан жүрегіңмен аяйсың.

Қойылымда зұлымдықтың қанды құрсауының тұтқыны болған, қайғы мен қасіреттің ауыр жүгін арқалай алмай қиылған бейкүнә, пәк жандардың зарлы, мұңды тағдырлары көз алдыңызға келеді. Бүгінгі күнде де бар қорғансыздар жайы көрерменді бала жанының ізгілік әлеміне жетелеп, өзіндік ой түюіне мүмкіндік береді.

Ұзақтығы: 1 сағат 20 минут
Жас шектеуі: 12+


Сілтеме бойынша көбірек қойылымдар

Дата публикации: 10.08.2023
Я пойду!
Отметьтесь и расскажите об этом событии друзьям,
чтобы они смогли к вам присоединиться!

Комментарии (0)

Введите номер телефона
Ваш номер используется исключительно для того, чтобы наши партнеры смогли связаться с вами и не передается третьим лицам
Введите код из смс
Введите имя и фамилию

Выберите город

Возврат

ID Билета: